420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында белгісіз біреу екі баланы атып өлтірді

  • 632
  • UPD: 12:05, 02.12.2019
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында белгісіз біреу екі баланы атып өлтірді

АҚШ-тың екі қаласында атыс болып, 2 бала қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оннан астам адам жарақат алды. Оқыс оқиғаның бірі Жаңа Орлеан шаһарында тіркелді. Белгісіз біреу адамдарға оқ атып, 11 адам жараланды. Әзірге қаруды кім қолданғаны белгісіз. Полиция бір күдіктіні ұстаған.

Ал екінші оқиға Миннеаполис қаласында болған. Мұнда қаскөй далада ойнап жүрген 2 баланы атып өлтіріп, үйдегі адамдарды кепілге алған. Полиция үйді қоршап, қылмыскермен келіссөз жүргізіп жатыр. Күдіктінің кім екені әлі анықталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы