425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Угандалық желаяқ 10 шақырымға жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты

  • 546
  • UPD: 13:31, 02.12.2019
Угандалық желаяқ 10 шақырымға жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты euronews.com

Угандалық желаяқ тасжолдағы жарыста 10 шақырымға жүгіруден әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Қазақпарат Euronews.com сайтына сітлете жасап.

Испаниядағы Валенсия қаласында өткен бәсекеде ол осы қашықтықты 26 минут 38 секундта бағындырды. Бұл 2010 жылдан бері кениялық жеңіл атлет Леонард Комон ұстап келе жатқан рекордтан 6 секундқа жылдам нәтиже.

Угандалық соңғы шақырымды 2 минут және 45 секундтан аз уақытта жүгіріп өтті.

23 жастағы Чептегеи – биылғы жылы 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден әлем чемпионы және 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

 

Хабар 24 телеарнасы