417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миланда 25 мыңға жуық адам ереуілге шықты

  • 515
  • UPD: 15:31, 02.12.2019
Миланда 25 мыңға жуық адам ереуілге шықты

Миланда қолына майшабақ ұстаған шамамен 25 мыңға жуық адам шіркеудің алдына жиылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер Лига партиясы мен оның көшбасшысы Маттео Сальвиниге қарсы. Шара бастапқыда флешмоб ретінде ұйымдастырылған еді. Бірте-бірте адам қарасы көбейіп, көшеде аяқ басар жер қалмады.

Айта кетейік, осыған ұқсас акциялар Римини, Сорренто, Генуя, Палермо қалаларында да ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы