376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандықтар қыстың алғашқы айын ерекше қарсы алады

  • 172
  • UPD: 15:27, 02.12.2019

Иранда қар түспесе де, қыстың алғашқы айын ерекше қарсы алады.

Елде күн жылы болғанына қарамастан, тегерандықтар демалыста тау шаңғысы курорттарына барып демалуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда ирандық шипажайлар экстремал сноубордшылар арасында кеңінен танымал.

Иран қарсыз ел деген мәртебесіне қарамастан, әлемдік сноубордшылардың ең көп баратын еліне айналған. Иран тау шаңғысы курорттары негізінен Әзербайжан шекарасынан Каспий теңізі жағалауына дейін созылған Альборз тауында орналасқан. Иран жоталары Альпінің атақты шыңдарынан да биік. Ал ыстық аудандардан келетін құрғақ ауа шаңғы және сноубордпен сырғанауға өте қолайлы.

Мухаммад Бахтиори, «Точал» тау шаңғысы спорты мектебінің директоры:

- Біз қазір 3800 метр биіктікте тұрмыз. Кей күндері мұнда ауа температурасы минус 40-45 градусқа дейін жетеді. Жалпы «Точал» әлемдегі ең биік шипажай ал қысқы маусым ең ұзақ болып саналады. Ол қазан айынан мамырға дейін созылады.

Иран курорттары өзінің табиғатымен де тартымды. Бұл елде бір күнде 4 маусымды көре аласыз. Кешм аралына ұшып барып, Парсы шығанағының суына түсіп, ал кешкісін тауға шығып, шаңғы тебуге болады. Шипажайларда қардың болмай қалуы сирек құбылыс. Бірақ мұндай жағдайда ақ ұлпаны қолдан жасайтын қондырғылар бар.

Мариам Гхани, сноубордшы:

- «Точалда» Ирандағы өзге тау шаңғысы курорттарына қарағанда суығырақ. Бұл табиғи мұздық болғандықтан, қыс ерте түседі. Қар жыл бойы кетпейді. Тау шаңғысы мезгіліне ақ ұлпа арнайы қондырғымен уақталады. Бұл спортшылардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Тауда қар болмаған жағдайда кей ирандық экстремалдар Кешм аралындағы құмды жоталармен серуендеуді әдетке айналдырған. Бірақ мұндай демалыс түрі әзірге көп тарала қойған жоқ. 

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы