Ұлыбританияда терроризмге қатысты сотталған 74 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Бұл туралы BBC телеарнасына сұхбат берген премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді. Сонымен қатар үкімет басшысы Усман Ханның бостандыққа шығуына қатысты да пікір білдірді. Ол Лондондағы көпірде теракт ұйымдастырып, 2 адамды мерт қылған еді. Джонсонның айтуынша, Ханның мерзімінен бұрын босатылуы ақылға қонымсыз. Себебі ол 2005 және 2008 жылдары қабылданған заңдардың кесірінен арнайы комиссияның шешімінсіз бостандыққа шығып отыр. Ал Борис Джонсон терроризм үшін жаза кемінде 14 жыл болу керектігін айтқан еді.