432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда жол үстінде телефон пайдаланғандарды анықтайтын камералар орнатылды

  • 722
  • UPD: 15:32, 02.12.2019
Австралияда жол үстінде телефон пайдаланғандарды анықтайтын камералар орнатылды

Австралияда жасанды интеллект жүйесін қолданатын бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жол үстінде телефон қолданған көлік жүргізушілерін анықтайды. Жалпы жаңа құрылғы екі камерадан тұрады. Оның бірі көлік нөмірін суретке түсірсе, екіншісі терезеге бағытталған. Осылайша, камералар көлік тізгінінде отырған жүргізушінің смартфонды пайдалануын бақылайды. Ресми дерек бойынша биылдың өзінде аталған аймақта осындай себептермен 300-ден аса адам қаза тауыпты.

Хабар 24 телеарнасы