378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша Украинаның жүгерісінен шығынға батып барады

  • 228
  • UPD: 19:12, 02.12.2019

Польша Украина жүгерісінен бас тартпақ. Жергілікті шенеуніктер осындай мәлімдеме жасады. Өйткені  жергілікті шаруалар шығынға батуда. Мәселен елде жоғары экологиялық стандарттар қолданылғандықтан отандық өнім шеттен келетін тауарға қарағанда қымбаттаған.

Варшавадағы шенеуніктер Украина жүгерісін сатып алуды доғару керек деген пікірді бір ауыздан қолдап отыр. Өйткені халық өз елінде өсірілген өнімді сатып алудан қалған.  Қазір Украинадан импортталған жүгерінің бағасы отандық өнімнен әлдеқайда арзан. Ал бұл ел экономикасына кері әсерін тигізе бастады. 

Роман Кравчук, экономист:

- Польшадағы жүгерінің жартысынан көбі Украинадан келген. Яғни шетелден келген тауардың бағасы арзан болып тұр. Осыған орай жергілікті шаруалар шығынға батуда. Польшаның ауыл шаруашылық министрі Ордановский  қарашаның 17 күні Брюссельде өткен кездесуде осы мәселені көтерген болатын. 

Мамандардың айтуынша, Украинаның климаты мен жерінің құнарлығы жүгері өсіру үшін қолайлы. Ал мұндай мүмкіндік Польшада жоқ. Жұмыс күші де арзан. Осының бәрі Еуроодақтың ауылшаруашылық секторына да кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Людвиг Рудницкий, саясаттанушы:

- Польшаға импортталатын азық-түліктер Еуроодақ стандарттарына сай келуі тиіс. Ал осы елдің ауыл шаруашылық министрінің Украина тауарлары бұл стандартқа сай келетініне күмәні бар. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Еуроодақ нарығындағы жүгерінің 60 пайызы «Украинада жасалған» деген атаумен сатылады. Осыған орай Варшава Брюссельден тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етіп, бұдан былай  Украинаның дәнді дақылдарын  одақ нарығына кіргізу үшін қандайда бір жеңілдіктер жасамауды сұрайды. 

Авторлары: Дмитрий Лукша, Алексей Родионов, Лукаш Корвин

Хабар 24 телеарнасы