376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Еуроодақтан тым болмағанда балалар дәрісін сатуды сұрады

  • 237
  • UPD: 22:07, 02.12.2019
Иран Еуроодақтан тым болмағанда балалар дәрісін сатуды сұрады

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Еуроодаққа өкпесін айтты.

Дипломат Одақты еуропалық компанияларға Иранға өмір үшін маңызды дәрі-дәрмекті сатуға рұқсат беруге үндеді. 

«Отырып алып, үркітіп қорқыта бергенше Еуроодақ қарапайым нәрседен бастағаны жөн болар еді. Тым болмағанда Mölnlycke Health Care (швециялық дәрі-дәрмек өндіруші компания. — ред.) дәрі сатуды бастасын, сонда буллёзді эпидермолизбен ауыратын балалар сол дәріні жараларына жағып, емделер еді», — деп жазды Twitter парақшасында Мохаммад Джавад Зариф.

Зариф еуропалықтар үшін бұл «болмашы ғана адами міндет» екенін атап өтті.

Ал қазан айының соңында Зариф Вашингтонның Иранды «экономикалық терроризмге» ұшыратып отырғанын мәлімдеді. Себебі АҚШ Тегеранмен сауда жүргізудің елден ерек ережелерін енгізген соң Ирандағы қарапайым халықтың жағдайы нашарлай түспек. Өйткені тұрғындар үшін бұл әрекет қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекті қолжетімсіз етті.

Айта кету керек, буллёзді эпидермолиз тұқыммен байланысты тері ауруы. Бұл дертке шалдыққан балалардың терісі көпіршіктеніп, суланып, қабатынан айырылып, салбырап түседі. Жалпы үш түрі болатын бұл ауруды емдемесе ақыры қиынға соқтыруы мүмкін.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы