448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальта премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

  • 232
Мальта премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Мальта премьер-министрі 2020 жылдың қаңтарында отставкаға кетуге уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында Джозеф Мускат халыққа телеүндеуінде жария етті. Премьердің мұндай шешім қабылдауына басылмай тұрған ереуілдер себеп. Халық 2017 жылы болған оқиғаға қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етуде. 2 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық деректерін тергеумен айналысып жүрген тілшінің көлігін бәзбіреулер жарып жіберген болатын. Жалпы, тілшінің қазасына байланысты бұған дейін премьер-министр штабының басшысы, туризм министрі мен экономика министрі қызметінен кеткен болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы