423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филиппинге «Каммури» тайфуны жақындап келеді

  • 665
  • UPD: 08:09, 03.12.2019
Филиппинге «Каммури» тайфуны жақындап келеді

Филиппин «Каммури» тайфунына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тайфун елдегі ең ірі арал – ЛусОнға таяп қалған. Синоптиктердің топшылауынша, қатты нөсер жауады. Ал желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты қауіпті аймақ тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге 200 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. Алдағы күндері елде Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары өтуі тиіс еді. Алайда тайфунға байланысты спорттық доданы кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы