431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда жұрттың мазасын алатын көше саудагерлеріне айыппұл салынады

  • 503
  • UPD: 08:56, 03.12.2019

Мысыр жұрттың мазасын алатын көше саудагерлерімен күресе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі шетелден демалуға келетін саяхатшыларға жармасып тауарын ұсынатын сатушыларға шағым көбейген.

Мысырлықтар сауданы өнердің ерекше түрі деп бағалайды. Бірақ жергілікті саудагерлердің жағымсыз әрекеті елдің курорттық беделіне зиян келтіре бастаған. Сондықтан билік олармен заң жүзінде күресуді қолға алды. Енді демалушыларға өз тауарларын тықпалап, мазасын алатын саудагерлерге 625 доллар мөлшерінде айыппұл салынады.

Амир Камал, туристік компанияның менеджері:

– Соңғы үш жылда Мысырға келетін саяхатшылар саны екі жарым есе азайған. Оған туристерге көп қолайсыздық туғызып отырған саудагерлер мен қайыршылар себеп. Ал ежелгі ескерткіштерімізді сақтауға қаржы осы туризмнен түседі. Сондықтан бұл мәселе өте маңызды.

Кей саясаткерлер: «сауда мысырлықтардың ежелден келе жатқан кәсібі, ал жаңа заң тым қатаң», – дейді. Сондықтан жазаны күшейту жағдайды түзетпей, керісінше бұл салаға зиянын тигізетінін айтады.

Омар Пройас, заңгер:

– Жаңа тәртіпке сай саудагерлермен бірге мұражайлар мен өзге туристік орындарда сауда жасайтындар да жазалануы мүмкін. Нақтырақ айтқанда өз затын сатып алуды ұсынып, туристердің мазасын қашыратын адамдарға айыппұл салынады.

625 доллар айыппұл мысырлықтар үшін өте қомақты сома. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Қазір саудагерлерді тексерумен полиция айналысады. Бірақ келешекте бұл міндет еріктілерден құралатын жасақтарға жүктелуі мүмкін.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Светлана Айед.

Хабар 24 телеарнасы