420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусь Үкіметі құрылысты кешіктіретін компаниялармен қалай күресіп жатыр

  • 406
  • UPD: 10:47, 03.12.2019

Ұзақ жүретін құрылыс – Беларусьте де өзекті мәселенің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет нысанды дер кезінде тапсырмайтын компаниялармен үнемі күреседі. Олардан келетін шығын миллондаған рубльді құрайды. Ал баспаналарын жылдап күтіп қалатын азаматтардың жағдайын айтпаса да түсінікті. 

Миллиондаған тонна цемент пен темір арматуралар. Материалдық шығынның үлесі үлкен. Беларусьте үкімет жауапсыз құрылыс компанияларымен бірнеше жылдан бері күресіп келеді. Әзірше тиімді жолы табылмай тұр. Депутаттар құрылысы созылған бірлестіктерден нысанды алып алуды да ұсынды. Бірақ жекеменшікті қорғау заңы көлденең. Пәтер иелерінің ұжымдық шағымы да көмектеспеді. Ал жауапсыз компаниялар әдетте құрылысты жалғастыруға ақша жоқ дегенді айтады.

Олег Гайдукевич, Беларусь ұлттық жиналысы өкілдер палатасының депутаты:

– Мұндай компанияларға қарсы қылмыстық істер қозғалды. Олар тек қағаз жүзінде емес келтірілген шығынның орынын толтыруға да күш салынды. Осының арқасында кей нысандар мемлекеттің меншігіне өтіп, үкіметтік ұйымдармен тұрғызылды. Президент ең бастысы халық мүддесі деген. Азаматтар жапа шекпеуі тиіс. Қазір құрылысы тұрып қалған нысандар аз. Бірақ мұндай мәселе әрекідік кездесіп тұрады.

Үкімет тұрғын үйдің құрылысын аяқтай алмай жататын компанияларға көмектеспейді деп айтуға келмейді. Мысалы, бірлестіктер нысанды беру мерзімін шексіз соза алады. Бірақ ұзақ уақытқа емес. Жуырда Сәулет және құрылыс министрлігі нысанның мерзімін бір рет қана созу туралы ұсыныс жасады. Егер тұрғын үй уақытында бітпесе айыппұл салынып, нысан мемлекет қарамағына өтіп, өзге компанияға берілуі мүмкін.

Олег Чесалов, экономист:

– Негізінен жауапсыз құрылыс компанияларымен күрес әкімшілік жолдармен жүргізіледі. Олар мемлекеттік бақылау сияқты шаралармен жүзеге асырылады. Тұрғын үйлерді салуға құқығы бар кәсіпорындардың тізімі бар. Оған тек құрылыс саласында ұзақ уақыт өздерін жақсы көрсеткен, қаржылай қауіпсіз компаниялар енгізілген.

Салыстыра кетейік, 2013 жылы Минскте 380 ғимарат проблемалы құрылыс санатына жатқызылған болатын. Ал биыл мұндай құрылыстардың саны 28 ғана.

Авторлары: Алексей Родионо, Константин Никаноров.

Хабар 24 телеарнасы