380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда жарылыстан 23 адам қаза тапты

  • 214
  • UPD: 10:40, 04.12.2019
Суданда жарылыстан 23 адам қаза тапты

Судан астанасы Хартумда орналасқан керамикалық зауытта жарылыс болды. Салдарынан 23 адам қаза тапқан.

Тағы 130 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша газ танкері жарылып, ізінше ауқымды өрт болған. Медицина мамандары зардап шеккендердің қатарында түрлі ұлт өкілдерінен шыққан қызметкерлер бар. Оның қатарында азиялықтар да кездесетін көрінеді. Қазір олар қалалық ауруханаға жеткізілген. Қызыл жалын фабриканың түгін қалдырмай, күлін көкке ұшырған. Үкімет болса ел тұрғындарын зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға шақырды. Алдын ала ақпарат бойынша зауытта қауіпсіздік ережелері сақталмағанға ұқсайды.

Хабар 24 телеарнасы