424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда жұрт НАТО мен Трампқа қарсы шеруге шықты

  • 759
  • UPD: 11:32, 04.12.2019

Лондонда жүздеген адам НАТО мен АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы шеруге шықты.

Қолдарына плакат ұстап шыққан наразы жұрт НАТО басшыларының кездесуі өтіп жатқан Букингем сарайы алдына жиналды. Сөйтіп солтүстік-атлантикалық альянстың Таяу Шығыс пен Латын Америкасындағы агрессияшыл саясатына қарсылық білдірді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары көшедегі қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Хабар 24 телеарнасы