427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия Босния және Герцеговинадағы мигранттар лагерін жабуға шақырып отыр

  • 493
  • UPD: 14:51, 04.12.2019
Еурокомиссия Босния және Герцеговинадағы мигранттар лагерін жабуға шақырып отыр

Еурокомиссия өкілдері Босния және Герцеговина билігін елдің солтүстік-батысындағы мигранттар лагерін жабуға шақырып отыр.

Өйткені соңғы уақытта өңірде қар жауып, күн күрт суытып кеткен. Сондықтан шатырларды паналаған босқындар арасында суық тигендер саны көбейген. Негізі Еурокомиссия өкілдері бұған дейін де жергілікті мигранттардың жағдайына қатысты алаңдаушылық білдірген. Сөйтіп, биліктен қыс түспей тұрып, босқындарды өзге орындарға көшіруін сұраған. Осы ретте ел астанасында жаңа лагерь де салынған. Алайда ол тек желтоқсанның соңында ғана мигранттарды қабылдауға дайын болады екен.

Салам Мидзич, халықаралық Қызыл крест комитетінің өкілі:

- Мигранттар күннің суығына қарамастан, түнді шатыр астында өткізді. Алдағы күндері суық тиіп ауырғандардың саны күрт артып кетсе, таң қалатын түк те жоқ. Бұл адамдарға көмек қажет. Оларды мына лагерьде қалдырсақ, құқықтарын бұзған боламыз.

Хабар 24 телеарнасы