380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда теңіз толқынында кеткен балықшы құтқарылды

  • 190
  • UPD: 12:45, 04.12.2019
Кенияда теңіз толқынында кеткен балықшы құтқарылды

Кенияда тосыннан келген тасқыннан балықшы құтқарылды. Жергілікті журналистердің хабарлауынша, Винсент Мусила есімді азамат балық аулауға шыққанда су ортасында қалып қойған.

Қатты толқын оны шағын аралға апарып тастаған. Кейін шаруаны тәртіп сақшылары тікұшақпен іздеп, ақары тауып алып, оны мүшкіл халде құтқарды. Айта кетейік, қазір Кенияда жауын-шашын маусымы жүріп жатыр. Салдарынан елдің орталық бөлігінде өзендер арнасынан тасыған.

Хабар 24 телеарнасы