376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египеттегі қаңғыбас иттер туристер демалысының шырқын бұзды

  • 198
  • UPD: 15:56, 04.12.2019

Қаңғыбас иттер Мысырға келген туристер демалысының шырқын бұзуда. Төртаяқтылардың саяхатшыларды қабу деректері жиілеп кеткен.

Бұл жағдайға байланысты шетелдіктер арыз жазып та үлгерген. Сондықтан кәсіпкерлер қонақ үйді брондау кезінде салпан құлақтылардан төніп тұрған қауіп жайында ескертуде.  

Мысырда туристер арасында танымал шипажайлы ХургАда мен Сафага қалалары демалушылар үшін қауіпті болып барады. Бәріне қаңғыбас иттер кінәлі. Олар тіпті қонақ үйден шыға бергенде де, тап беруі мүмкін. Осы маусымда ғана ит қапқан 24 турист медициналық көмекке жүгінген екен.  

Нагиб Авад, заңгер:

- Алғашында біз бұл клиенттерді өздеріне тартпақ болған бәсекелес қонақ үй қызметкерлерінің ісі ме деп ойладық, шыны керек. Алайда екі демалушы заңгерлердің көмегіне жүгінді. Бірнеше күн бұрын Италия мен Германиядан келген саяхатшыларды ит талап, әлгі ер адамдар арыз жазған. 

Демалушылар күн сайын ХургАда қаласының қақ ортасында көше кезген қаңғыбас иттер олардЫ үрейде ұстайтынын айтып шағымдануда. Мал дәрігерлердің пікірінше, төрт аяқтылар аш болуы мүмкін. Сол үшін адамдарды қапса керек.  

Карим Хани, қонақүй менеджері:

- Жергілікті билік бұл түйткілдің шешімін әлі тапқан жоқ. Өйткені жануарларды қорғау жөніндегі шетелдік ұйымдар қаңғыбас иттердің көзін жоюға қарсы шығары анық. Сондықтан бәрінің де көңілінен шығатын бір шешім керек. Яғни туристер де өздерін қауіпсіз сезінсе, жануарлар да зардап шекпесе жақсы болар еді. 

Бұл ретте Хургада билігі қаңғыбас иттерді ұстап алып, оны мал дәрігерлік қызметке тапсырғандарға 20 мысыр фунтын төлеуге дайын екендерін айтып отыр. Соған қарамастан әзірге бұл іске қызығушылар көп емес. 

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Дмитрий Лукша, Светлана Айед

Хабар 24 телеарнасы