378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amazon дәрігерлердің сөздерін оқитын бағдарлама ойлап тапты

  • 210
Amazon дәрігерлердің сөздерін оқитын бағдарлама ойлап тапты

Amazon компаниясы дәрігерлердің сөздерін мәтінге аударатын жаңа қызметті ұсынды.

Бағдарлама дәрігердің айтқанын диктафонға жазады және оны сол уақытта мәтін түрінде көрсетеді.

Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. Бағдарлама Amazon Transcribe Medical деп аталады. Әзірлеушілердің айтуынша, оның көмегімен гаджеттердің диктафонына дәрігердің дауысын жазып, айтылғандардың барлығын онлайн режимде мәтін түрінде оқуға болады.

Сервисті жасаушылар бұл жаңалық дәрігерлердің өздері үшін де пайдалы болатынын айтты.

«Өйткені олар бағдарламаның көмегімен өздерінің есептерін, хабарламаларын және басқа да осыған ұқсас әкімшілік жұмыстарын жазуға көп уақыт жұмсамайды», - дейді құрастырушылар.

Айтуынша, аталған бағдарлама дәрігерлердің айтқан диагноздарын бірден түсінбейтін пациенттерге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы