378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: 2020 жылы әлемде 168 млн адам әлеуметтік көмекке мұқтаж болады

  • 389
  • UPD: 17:34, 04.12.2019
БҰҰ: 2020 жылы әлемде 168 млн адам әлеуметтік көмекке мұқтаж болады

2020 жылы әлем бойынша 168 миллион адам немесе әрбір 45-тұрғын әлеуметтік көмекке мұқтаж болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ осылай мәлімдеді. Ол үшін кемінде 29 миллиард қаражат қажет екен. Жаһандағы жағдайдың ушығуына климаттың өзгеруі, дағдарыстар мен қақтығыстар, экономиканың тұрақсыздығы түрткі болған. Мәселен, Йемен халқының 80 проценті, яғни 24 миллион тұрғыны әлеуметтік көмекке зәру. Ал Сириядағы шиеленіс салдарынан босқындар дағдарысы өршіп барады. Бүгінде өңірдегі бас сауғалаған мигранттардың саны  6 жарым миллионға жетіпті. Сондай-ақ, Судан, Венесуэла, Конго Демократиялық Республикасы, Сомалидегі дағдарыс салдарынан әлем экономикасы айтарлықтай шығынға батып отыр. Жақын арада бұл күрмеуі қиын саяси, экономикалық, экологиялық мәселелер шешімін таппаса, 2022 жылы көмекке мұқтаж адамдардың саны 200 миллоннан асып жығылмақ.

Марк Лоукок, БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары:

– 2019 жылы табыс көзі төмен 33 мемлекет ұзақ мерзімді дағдарысқа тап болу қаупіне кірді. Ондағы 12 мемлекеттің өзінде 40 процент халық әлеуметтік көмекке зәру. Сол үшін әлем экономикасы әрбір адамға әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Соңғы уақытта өсім төмендеп, мемлекеттер экономикалық стресс, қарыздардың артуы сынды мәселелерге тап болуда. Онымен қоса, қақтығыстар, климаттың өзгеруі және жұқпалы аурулар тағы бар.

Хабар 24 телеарнасы