399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелесте Илон Маскқа қатысты сот басталды

  • 566
  • UPD: 08:13, 05.12.2019
Лос-Анджелесте Илон Маскқа қатысты сот басталды

Лос-Анджелесте SpaceX компаниясының басшысы, миллиардер Илон Маскқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалық кәсіпкер британдық дайвер Вернон Ансвортты Twitter парақшасында балағаттап, «педофил» деп жала жапқаны үшін түсініктеме беруде. Даудың басы 2018 жылы шыққан еді. Ансворт Таиландағы үңгірде қалып қойған 12 баланы құтқару жұмыстарына қатысады. Маск дайверге көмек көрсету үшін Таиландқа компаниясы құрастырып шығарған су асты кемесін жібереді. Ансворт бір сұхбатында бұл кеменің мүлдем қолайсыз әрі жұмыс істемейтінін айтады. Мұны естіген Tesla компаниясының негізін қалаушысы әлеуметтк желіге британдық дайвердің педофил екенін жазған. Ізінше Вернон Ансворт сотқа арыз түсіріп, миллардерден моральдық шығын келтіргені үшін 75 мың доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы