429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сидней ауасы қатты ластанған әлемнің 10 қаласының қатарына кірді

  • 1276
  • UPD: 10:13, 05.12.2019
Сидней ауасы қатты ластанған әлемнің 10 қаласының қатарына кірді

Австралиядағы Сидней ауасы қатты ластанған әлемнің 10 қаласының қатарына кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орман өрті кесірінен шаһарды түтін тұмшалаған. Осы ретте жергілікті билік тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Жалпы қала төңірегінде 119 орман өрті тіркелген екен. Сондықтан билік қауіпті өңір тұрғындарын эвакуацияға дайындап жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар «алдағы аптада күн ыстық болады» дейді. Сонымен қоса, қатты жел тұратынын ескертеді. Негізі ауаның ластануы Австралиямен қатар Иран үшін де өзекті мәселенің бірі. Өйткені жыл сайын елде одан 33 мың адам көз жұмады. Ал, экономикаға келтірілген материалдық шығын 30 миллиард долларға жетеді. Мамандар экологиялық ахуалдың нашарлауына «халықтың тығыздығы және ескі көліктер мен мотоциклдардың бөлетін газдары себеп», дейді.

Хусейн Гударзи, жергілікті тұрғын:

- Жеңіл көліктер ауаны ластайтынын үнемі айтамыз. Сондықтан қоғамдық көлікпен қатынаған жөн деп жатамыз. Алайда автобустарды алып қарасақ, олар зиянды заттарды 50 есе артық бөледі.

Нахид Хассели, жергілікті тұрғын:

- Меніңше, бұл түйткілдердің себебі өте көп. Мәселен, қалаға оның маңындағы аудандарға қатынайтын жолаушылар өте көп. Сонымен қоса, біздегі жанармайдың сапасы төмен. Стандарттарға сай келмейді. Билік болса, «жеңіл көліктен гөрі метромен не автобуспен көбірек жүріңдер», дейді. Алайда, оларды сағаттап күтетін кездер болады. Сондықтан билік басындағылар автобус санын көбейту мәселесін де қарастыру керек, меніңше.

Атмосфераның ластануынан Үндістанның солтүстігіндегі Тәж-Махал кесенесі зардап шеккенін, туристер тарихи ғимараттың түтін мен шаңнан көрінбей кеткенін айтады.

Сонымен қатар бұл елде ауаның ластануы салдарынан мектептер жабылғаны да хабарланған.

Делиде ауаның ластануы адам өміріне қауіпті деңгейге жеткені туралы да жазғанбыз.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутериш әлем елдерін көмірден бас тартуға шақырды.

Ал Оңтүстік Корея климаттың өзгеруіне қарсы күресін күшейтпек.

Лондон басшылығы ауаның ластануымен күреске бағытталған жобаларды қолға алған болатын.

Ал Greenpeace экологиялық ұйымы сарапшыларының зерттеулеріне сәйкес Финляндия әлемдегі ауасы ең таза ел болып саналады. 

Алматының ауасынан да көп мөлшердегі зиянды заттар анықталды.

Хабар 24 телеарнасы