375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Соңғы 20 жылда аномальді ауа райынан 495 мың адам көз жұмған

  • 164
  • UPD: 08:54, 05.12.2019
Соңғы 20 жылда аномальді ауа райынан 495 мың адам көз жұмған

Өткен жылы климаттың өзгеруінен Жапония, Филиппин және Германия көп зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Germanwatch неміс экологиялық ұйымы Мадридтегі БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясында осындай баяндама жариялады. Сарапшылардың айтуынша, табиғат апаттарынан Жапонияға 35 миллиард доллар шығын келген. Ал ең көп өлім Үндістанда тіркелген. Мұнда былтыр климаттың өзгеруі 2081 адамның өмірін қиса, Германия мен Жапонияда 1200-ден астам тұрғын көз жұмған. Мамандар 2018 жылы әлемде аптап ыстықтың жиілегенін де айтады. Жалпы соңғы 20 жылда аномальды ауа райынан 495 мың адам қайтыс болып, 3 триллион доллардан астам шығын келген екен.

Хабар 24 телеарнасы