427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда халықтың жалпыұлттық ереуілі басылар емес

  • 385
  • UPD: 11:37, 05.12.2019
Колумбияда халықтың жалпыұлттық ереуілі басылар емес

Наразы халық ел президенті Иван Дукенің саясатына қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы ереуіл елдің бірнеше қалаларында ұйымдастырылды. Оған кәсіподақ мүшелері, жұмысшылар мен студенттер де қатысты. Қала көшелеріне шыққан жұрт жемқорлыққа қарсы наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар үкіметтің экономикалық реформаларына да көңілдері толмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Колумбиядағы ереуілдер өткен айдың соңында басталған еді. Жуырда мемлекет басшысы Иван Дуке әлеуметтік мәселелер мен жемқорлық жөнінде халықпен диалог жүргізуге уәде берген болатын. Енді ол алдағы жылдың наурызында өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы