375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Перл-Харбор базасында болған атыстан екі адам көз жұмды

  • 185
  • UPD: 11:59, 05.12.2019
АҚШ-тың Перл-Харбор базасында болған атыстан екі адам көз жұмды Caleb Jones

АҚШ-тың Перл-Харбор аумағында болған атыстан екі адам қаза тапты.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында аталған әскери нысанның ресми өкілі Роберт Чадвик мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Екі адамның көз жұмғанын растаймын. Зардап шеккен үшінші адам ауруханада жатыр», – деді ол.

Чадвиктің айтуынша, оқ атқан адам АҚШ ӘТК-де қызмет еткен. Ол өз-өзін атып тастаған. Бірақ оның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге айтылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы