375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ford пен McDonalds кофеден жасалған автобөлшектер шығаратын болады

  • 243
  • UPD: 14:21, 05.12.2019
Ford пен McDonalds кофеден жасалған автобөлшектер шығаратын болады

Америкалық Ford автоконцерні фастфуд алпауыты – McDonalds фирмасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес тараптар кофеден жасалған автобөлшектер шығаратын болады. Компания қызметкерлерінің айтуынша, кофе қабығынан жасалған биопластик жеңіл, әрі, ұзақ мерзімге жарамды. Осылайша, Ford компаниясы климаттың өзгеруімен күресу жолында өз үлесін қоспақ ниетте.

Айта кетейік, ірі автоконцерн 2011 жылдан бері соядан жасалған қауіпсіздік көпшігін шығарып келеді. Тіпті ұсақ-түйек бөлшектерін де жасау үшін бидай, кокос сияқты өсімдіктердің басқа түрлерінің қалдықтарын да қолданады екен.

Хабар 24 телеарнасы