380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ «Талибан» ұйымымен келіссөзді жалғастыратын болды

  • 364
  • UPD: 17:25, 05.12.2019
АҚШ «Талибан» ұйымымен келіссөзді жалғастыратын болды

АҚШ «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөзді қайта жалғастыратын болды. Бұл туралы Мемлекеттік департамент мәлім етті.

Ақпаратқа сәйкес, Американың арнайы өкілі Залмай Халилзад Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездескен соң тәліптермен келіссөз жүргізу үшін Катарға аттанбақ. Сарапшылардың пайымдауынша, бұған қарашаның 28-і күні президент Дональд Трамптың Баграмдағы базаға сапары әсер еткен.

Еске сала кетейік, Трамп қыркүйектің бас кезінде тәліптермен келіссөзді тоқтататынын мәлімдеген. Оған тамыз айында содырлардың кезекті бір лаңкестігі кезінде америкалық жауынгердің қазасы себеп болған еді.

Хабар 24 телеарнасы