376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі тонна есірткімен ұсталған кеденшілер сотталып жатыр

  • 486
  • UPD: 22:30, 05.12.2019
Екі тонна есірткімен ұсталған кеденшілер сотталып жатыр

Австралияның Мельбурн қаласында есірткі контрабандасымен айналысқан 3 адамға қатысты сот ісі басталды.

Анықталғандай, айыпталушылардың екеуі кеден қызметінің мамандары. Олар Бангкоктан Мельбурнға 2 тоннаға жуық метамфетамин мен 37 келі героин тасымалдамақ болғаны үшін айыпталып жатыр.

Полицияның мәлімдеуінше, аса ірі көлемдегі есірткінің құны 800 миллионнан астам долларға бағаланады екен. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы