376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA Күнге қатысты тың мәліметтер ашты

  • 276
  • UPD: 08:07, 06.12.2019
NASA Күнге қатысты тың мәліметтер ашты

АҚШ Ғарыш агенттігінің «Паркер» зонды Күннен жаңа құбылыстарды ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аппарат күн желінің екпіні бұған дейін айтылып келген болжамнан да күшті екенін анықтаған. Нақтырақ айтсақ, ол секундына 30-50 шақырым жылдамдықпен соққанын байқаған. «Бұл әдеттегіден 20 есе артық», – дейді мамандар. Ғалымдар тың мәліметтер Күн туралы маңызды мағлұматтарды жіберіп алғанымызды көрсетеді деп отыр. Айта кетейік, «Паркер» зонды Күнге өткен жылы аттандырылған. Аппарат биыл сәуір және қараша айында өзге күн ғарыш зондтарына қарағанда оған әлдеқайда жақын барып зерттеген еді.

Хабар 24 телеарнасы