378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда темекі біркелкі қорапта сатыла бастады

  • 200
  • UPD: 08:55, 06.12.2019

Түркияда жыл сайын темекіден 83 мыңнан астам кісі көз жұмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – бір шағын аудан немесе шаһардың халық санымен тең. Осыған байланысты елдің ауыл және орман шаруашылғы министрлігі, барлық темекі өнімдерін «біркелкі қораптарда» шығару жөнінде шешім қабылдады. Ол бойынша, бүгіннен бастап темекі қораптарында тек қана сұр түс қолданады. Сондай-ақ, әртүрлі графикалық дизайндар мен компанияның эмблемаларына тыйым салынды. Ал темекі компанияларының атауы да, қораптың төменгі жағында жазылады. Айта кеткен жөн, 2018 жылы Түркия темекі өнімдері мен тауарларын жарнама жасауға толықтай тыйым салған. 2008 жылы да қоғамдық орындарда шылым шегушілерге қомақты айыппұл тағайындалған.

Юксел Денли, Түркия темекі және алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау жөніндегі басқармасының басшысы:

– Басты мақсатымыз, темекіге деген қызығушылықты жою. Ондағы көзге әдемі көрінетін барлық жарнамалық түс пен графикаларды алып тастау. Сондай-ақ, қорап көлемінің  85% темекі шегу салдарынан ауруға шалдыққан науқастардың суреттерін қойдық. Бұл стандарт Еуропа елдерінде 65%-ті алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы