421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения басылымы кезекті шығарылымын Қазақстанға арнады

  • 811
  • UPD: 11:47, 06.12.2019

Танымал «Туристік Армения» журналының кезекті басылымы толығымен Қазақстанға арналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте қызықты мақалалар дайындау үшін баспаның бас редакторы Рубен Пашинян елімізге келіп қайтқан. Тілші Қазақстанға ғашық болып қалғанын айтады. Сондықтан алдағы демалысын елімізде өткізбек. 120 беттік журналда армяндық саяхатшыларға арналған маңызды ақпарат жиналған. Мәселен, кезекті басылымында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тарихы, мәдениеті, көрнекті жерлері мен  ұлттық тамағы туралы мәлімет келтірілген.

Рубен Пашинян, «Армения туристическая» журналының бас редакторы:

– Сіздердің елдеріңіз бүкіл ұжымымызға қатты ұнады. Қазақстанға барып қайтсақ қой дегенді жиі еститін болдық. Елдеріңіздің туристер үшін ұсынары аз емес. Бізге жергілікті тұрғындар қатты ұнады. Жергілікті жастардың үлкендерге, туған қаласына, Отанына қалай құрмет көрсететінін өз көзімізбен көріп, тәнті болдық.

Тимур Оразаев, Қазақстанның Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі:  

– Бұл журнал Қазақстан туралы ақпарат тарататын телеграф поштасы іспеттес. Туризм инвесторлар тартудың тамаша мүмкіндігі екенін білеміз. Сөйтіп оның қоғамға да, мемлекетке де әкелер пайдасы көп. Мәселен, кейбір елдерде бюджеттік кірістің үштен бір бөлігі туристік саланың үлесіне тиесілі. Қазақстанда бұл көрсеткіштер әзірге басқа деңгейде. Алайда туристік әлеуетті насихаттау нәтижесінде алдағы 8-10 жылда бұл саладан түсетін кіріс деңгейін жалпы ішкі өнімнің 8 процентіне дейін жеткізуге болады. 

 

Хабар 24 телеарнасы