431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда мұнай құбыры жарылды

  • 535
  • UPD: 09:45, 06.12.2019
Нигерияда мұнай құбыры жарылды

Нигерияның Лагос қаласында мұнай құбыры жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиға Одо ауданы маңында тіркелді. Өрт сөндірушілер мұнай компаниясы отты тасымалдау үдерісін тоқтатпайынша, апат орнына жақындай алмағанын айтады. Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Айта кетейік, Нигерияда мұндай жарылыстар жиі болады. Себебі мемлекет Африкадағы мұнай экспорттайтын ең ауқымды елдің бірі. Бұған дейін маусым айында Лагостағы жарылыс кезінде екі адам қаза тапқан еді. Елде жыл сайын кемінде 3-4 дәл осындай апат тіркеледі екен.  

Хабар 24 телеарнасы