417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния университеті Қазақстан тарихы пәні мұғалімін іздейді

  • 553
  • UPD: 12:49, 06.12.2019
Калифорния университеті Қазақстан тарихы пәні мұғалімін іздейді

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Калифорния университеті (University of California at Los Angeles) Қазақстан тарихы, тілі мен мәдениеті пәні мұғалімі лауазымына конкурс жариялады.

Өтініштер 18 қарашадан 9 желтоқсанға дейін қабылданады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Оқытушы іздеу туралы хабарландыру UCLA сайтында жарияланды.

Университеттің славян, шығыс еуропалық және еуразиялық тілдер мен мәдениеттер кафедрасы 2020 жылдың көктемгі семестріне Қазақстан тарихы, тілі және мәдениеті бойынша жоғары білімнің кіріспе курсын құруға және өткізуге толық емес жұмыс күніне оқытушы іздеуде.

Үміткерге қойылатын тиісті талаптар: Орталық Азия аймағына қатысты магистр дәрежесі немесе одан жоғары деңгейдің болуы, қазақ тарихы мен мәдениетімен жалпы таныс болу және бастауыш қазақ тіліндегі оқу сабақтарын бақылау үшін қазақ тілін жеткілікті түрде білу.

Сондай-ақ оқутушылар өтінімінде түйіндеме, ілеспе хат, зерттеу туралы өтініш, сабақ беру туралы өтініш, 3 ұсыныс хат қоса тіркеу қажет.

Үміткерлер толық ақпаратпен университет сайтынан таныса алады.

Хабар 24 телеарнасы