419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та 20th Century Fox киностудиясының бұрынғы президенті көз жұмды

  • 370
  • UPD: 15:49, 06.12.2019
АҚШ-та 20th Century Fox киностудиясының бұрынғы президенті көз жұмды AFP

АҚШ-та 86 жасына қараған шағында 20th Century Fox киностудиясының бұрынғы президенті Леонард Голдберг көз жұмды.

Ол құлаған кезде жарақат алып қалып, соның салдарынан Лос-Анджелестегі медициналық орталықтардың бірінде бақилық болды. Бұл туралы USA Today хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Голдберг «Чарлидің періштелері», «Әскери ойындар» және «Көгілдір қан» секілді фильмдер мен сериалдардың продюсері болған.

Хабар 24 телеарнасы