375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкада ауа райының қолайсыздығынан жүздеген адам қаза тапты

  • 270
  • UPD: 16:38, 06.12.2019
Африкада ауа райының қолайсыздығынан жүздеген адам қаза тапты

Су тасқынынан Кенияда 132 адам, Танзанияда 50-ден астам және Бурундиде 38 адам қаза тапты.

Африкада толассыз жауын-шашынның салдарынан су тасқыны мен тау көшкіндері басталды. Бұл туралы Xinhua хабарлады.

Құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін. Көптеген үйлер де зақымданған.

Соңғы бірнеше айдың ішінде кем дегенде 280 адам Африканың шығысындағы су тасқынының құрбаны болды. 2,8 миллионнан астам адам зардап шекті.

Хабар 24 телеарнасы