378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та зергерлік дүкенге шабуылдан 4 адам қаза тапты

  • 178
  • UPD: 11:17, 07.12.2019
АҚШ-та зергерлік дүкенге шабуылдан 4 адам қаза тапты

АҚШ-та қарулы қарақшылар зергерлік дүкенді тонап, салдарынан 4 адам қаза тапты. Олардың екеуі қылмыскер болса, қалған екі азамат жүк көлігінің жүргізушісі мен жолда кетіп бара жатқан кездейсоқ адам.

Мәлім болғандай, оқиға Флорида штатындағы Корал-Гейблс қаласында болған. Тонау ісі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін қылмыскерлер экспресс-жеткізу компаниясының жүк көлігін айдап әкетіп, оның жүргізушісін тұтқынға алған. Артынша полиция олардың ізінен қуып, соңы атысқа ұласқан. Осы оқиғаға байланысты Федералды тергеу бюросы тергеу жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы