430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдық пилоттар соғыс кезіндегі ұшақпен әлемді аралап шықты

  • 597
  • UPD: 12:29, 07.12.2019
Британдық пилоттар соғыс кезіндегі ұшақпен әлемді аралап шықты

Британдық екі ұшқыш Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған жойғыш ұшақпен әлемді шарлап шықты.

4 айға созылған ұзақ сапардан соң жиһанкездер Батыс  Эссекс графтығындағы әуежайға табан тіреді. Осы уақыт аралығында саяхатшылар 40 мың шақырым жерді бағындырып, 30 елдің үстімен ұшып өткен. Оның арасында Канада, Жапония, Үндістан, Мысыр мен Франция елдері бар.

Айта кетейік, соғыс дәуірінен қалған «Спид файер» атты ұшақ 1943 жылы құрастырылыпты. Кейін оны инженерлер қайта қалпына келтірген.

Хабар 24 телеарнасы