375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада қылмыстық топтан 2 тонна кокаин тәркіленді

  • 167
  • UPD: 15:12, 07.12.2019
Польшада қылмыстық топтан 2 тонна кокаин тәркіленді

Польша полициясы есірткі тасымалдаумен айналысып келген ірі қылмыстық топты ұстап, 2 тоннаға жуық кокаин тәркіледі.

Арнайы операция барысында 7 адам тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шара бірнеше айға созылған бақылаудан кейін жүзеге асырылған. Ол үшін тәртіп сақшылары Колумбиядан келетін жүктің Гдынядағы портқа келген сәтін күткен. Нәтижесінде 2 контейнерге жасырынған 74 қап кокаин табылды. Тергеушілердің айтуынша, заңсыз жүктің құны 33 миллиард рубль болады.

Хабар 24 телеарнасы