376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде ЕЭО бесжылдығына арналған жерасты пойызы жүре бастады

  • 201
  • UPD: 22:59, 07.12.2019

Мәскеу метросы Еуразиялық экономикалық одақтың бесжылдығына орай жерасты жолына арнайы пойыз шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 2 бөлікті 5 вагоннан тұрады. Оның әрқайсы одаққа мүше Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанға арналған. Жолаушылар сапар кезінде ұйымның экономикасы, мәдениеті, тіпті ұлттық тағамдары туралы ақпарат ала алады. Мысалы, Қазақстан вагонында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, «Байтерек» ескерткіші, «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы ақпараттар бар. Пойыз Мәскеу метросының айналма жолымен жарты жыл жүріп, 3 миллионға жуық жолаушы тасымалдамақ.

Тигран Сарксиян, ЕЭК алқасының төрағасы:

– Бұл пойызды пайдаланатын адамдар біздің одақтың мақсаты қандай екенін көріп, білетін болады. Және ұйымдағы әр мемлекет туралы мағлұмат ала алады.

Хабар 24 телеарнасы