420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Африкада құрғақшылықтан Виктория сарқырамасының арнасы тарылған

  • 475
  • UPD: 10:24, 08.12.2019
Оңтүстік Африкада құрғақшылықтан Виктория сарқырамасының арнасы тарылған

Оңтүстік Африкада құрғақшылықтан әлемге танымал Замбези өзені таязданып, Виктория сарқырамасының арнасы тарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар биылғы қуаңшылықты климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Ол аймақта табыстың басты көзі болып саналатын туризм саласына да кері әсер еткен. Себебі, дауысы бірнеше шақырымнан естілетін сарқыраманы көруге келетін шетелдіктердің қарасы азайған.

Давид Самаламбо, жергілікті тұрғын:

Қазір саяхатшылар сарқырамаға аз келетін болды. Адамдар алдымен Виктория туралы ақпаратты оқып, біліп алады. Ол болса, қуаңшылықтан қатты таязданып кетті. Кәсібіміз тұрып қалды. Жауын жауып, жағдай оңалар деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы