423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делиде зауыт өртеніп, 43 адам көз жұмды

  • 475
  • UPD: 14:19, 08.12.2019
Нью-Делиде зауыт өртеніп, 43 адам көз жұмды © AP Photo / Wong Maye-E

Үндістан астанасындағы зауыттардың бірі өртеніп, 43 адам қаза тапты.

Тағы бірнеше кісі құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай таңға жақын өндірісте жұмысшылар ұйықтап жатқан кезде болған. Сондықтан билік жапа шеккендердің саны арта түсуі мүмкін деп отыр. Себебі, кей адамдар ғимараттан шыға алмай қалған. Қазір оқиға орынында іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы