435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньян ядролық қарусыздануды талқылаудан бас тартпақ

  • 372
  • UPD: 13:54, 08.12.2019
Пхеньян ядролық қарусыздануды талқылаудан бас тартпақ

Солтүстік Корея АҚШ-пен екіжақты келіссөзде ядролық қарусыздану мәселесін талқылаудан бас тартпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәлімдемені осы елдің БҰҰ-дағы өкілі Ким Сонг жасады. Оның айтуынша, Вашингтон екіжақты диалогты ішкі саяси мақсатта пайдалану үшін ғана жүргізіп келеді. «Нақтырақ айтқанда, Дональд Трамптың 2020 жылы қайтадан президент болып сайлануы үшін ғана қолданып отыр», дейді.

Еске сала кетейік, Пхеньян бұған дейін Вашингтоннан биыл жыл соңына дейін осы мәселе бойынша ұстанымын өзгертуді сұраған.

 

Хабар 24 телеарнасы