376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та өрттен жапа шеккендерге 13,5 миллиард доллар өтемақы төленеді

  • 167
  • UPD: 13:54, 08.12.2019
АҚШ-та өрттен жапа шеккендерге 13,5 миллиард доллар өтемақы төленеді

Американлық Pacific Gas and Electric компаниясы 2017-2018 жылдардағы орман өрттерінен жапа шеккендерге 13,5 миллиард доллар өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, сот 17 ірі орман өртіне осы энергетикалық компания кінәлі деп шешті. Және де бірлестіктің банкрот болуына байланысты аталған қаржыны бірден төлеуге міндеттеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Калифорния тарихында ең ірі орман өрті тіркеліп, 85 адам көз жұмды. Тергеу оттың осы компанияның электр желілері мен бағаналарындағы апаттардан туғанын анықтады.

Хабар 24 телеарнасы