376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия үкіметі мен Ресей ұшақтарының әуе шабуылынан 20 адам қаза тапты

  • 207
  • UPD: 14:23, 08.12.2019
Сирия үкіметі мен Ресей ұшақтарының әуе шабуылынан 20 адам қаза тапты

Сирия үкіметі мен Ресей ұшақтары Идлиб провинциясында бірнеше ауылды әуеден бомбалап, 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында 8 бала бар. Ақпарға қарағанда, марқұмдардың көбі ресейлік ұшақтардың соққысы кезінде көз жұмған. Бірақ Сирия әскерилері оппозициялық күштер орналасқан аудандағы операцияға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Ал Сириядағы адам құқтарын бақылау жөніндегі ұйым шабуылдан жапа шеккендердің саны арта түсуі мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы