375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын ядролық қарусыздануды доғарады – Сарапшы

  • 245
  • UPD: 18:45, 08.12.2019

Келесі жылы Пхеньянның Сеул және Вашингтонмен қарым-қатынастары нашарлайды. Оңтүстік Кореядағы Сечжон институтының аға сарапшысы Чон Сон Чан осылай деп болжап отыр.

Сарапшының айтуынша, Ким Чен Ын желтоқсан айының соңында Еңбек партиясы Орталық комитетінің отырысында ядролық қарусыздану туралы келіссөздердің тоқтатылатынын жариялап, Солтүстік Кореяның ядролық мәртебесін растайды. Чон Сон Чан Пхеньян Вашингтон мен Сеулды қатты сынға алады дейді. Сондай-ақ сарапшы Солтүстік Коорея келесі жылы сүңгуір қайықтан жаңа құрлықаралық баллистикалық зымырандар ұшырады деп жорамалдап отыр. Чон Сон Чанның айтуынша, Солтүстік Корея Кымгансан курортындағы нысандарды бөліп алады.

Чон Сон Чан, Сечжон институтының аға сарапшысы:

- Сеул егер Солтүстік Корея ядролық сынақтар мен орта және алыс қашықтықтағы зымырандарды ұшырмайтын болса, келесі жылы АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуларды уақытша тоқтата тұруды қарастырмақ. Алайда АҚШ пен Солтүстік Кореяның және қос Корея арасындағы қарым-қатынас нашарлайды. Оңтүстік Корея үкіметі оған дайын болуы керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы