Ресейдің Алтайдағы Моңғолиямен шекаралас өңірінде күші 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың ошағы Ташанта елді мекенінен 27 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Аударған: Г.Абилова