427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореядағы «ақылды қалада» көліктер өздігінен жүреді

  • 1025
  • UPD: 18:10, 08.12.2019

Ақылды қала қандай болуы керек? Бұл сауалдың жауабын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен көрмеден көріп, білуге болады. Онда тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай тудыратын жаңа технологияның түр-түрі қойылған. 

Ақылды технологиялар барлық оңтүстік кореялықтарға қызмет етеді. Әрине барлық қала жүз процент ақылды деп атауға болмайды, бірақ Хвасон қаласында ақылды шағын аудан бар. Оны құру үшін Үкімет он бір миллион доллардан астам қаражат бөлді. Бес джи технологиясының арқасында Кей-Ситиде жүргізушісіз көліктер жүреді. Машиналарға орнатылған сенсорлар адамдар мен заттарды тани алады. Әзірге өздігінен жүретін көліктер сынақтан өтіп жатыр. Бірақ көптеген қалаларда ақылды бағдаршам, жаяу жүргіншілер жолдары бар.

Владислав Цой, тілші:

- Бұл ақылды аялдама. Іші жылы. Дисплейде ауа сапасы, температурасы және ылғалдылығы көрсетіледі. Бірақ мұнда ең бастысы дабыл түймесі. Ол адамды полиция қызметі орталығымен бейне камера арқылы байланыстырады.

Бұл құрылғы әйелдерге арналған жедел жәрдем түймесі деп аталды.

Чон Йон Чоль, өндіруші компанияның бас менеджері:

- Қауіп төнген сәтте кез келген адам осы дабыл түймесін қолдана алады. Бұл әсіресе әйелдер мен балаларға ыңғайлы. Камера өтініш берушіні түсіре бастайды, барлық жедел ақпарат және мекен-жайы полиция орталығында орналасқан экранда көрсетіледі.

Ал ақылды пәтерде теледидар және басқа тұрмыстық техника дауыспен басқарылады. Мұнда тіпті ақылды айна да бар. Ол адамға киімді таңдауға көмектеседі. Ал көрмеге келушілер төрт D сканерлеу көмегімен ойынның кейіпкері болуға мүмкіндік алды. Алдымен ондаған бейнекамера адамды жан-жақтан түсіреді. Содан кейін үшөлшемді деректерді виртуалды шындықты жасауға пайдаланады. Технология бейне ойындар мен VR фильмдерін жасау үшін қолданылады.

Көрмені Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі әріптестерімен бірге Оңтүстік Кореяның жер, инфрақұрылым және көлік министрі тамашалады. Ким Хён Миге робот дайындаған кофе мен оның сүреті бар печенье ұсынылды. Министр Корея Республикасы өз тәжірибесімен АСЕАН елдерімен бөлісетінін айтты. Бұл үшін арнайы қор құрылады, оның екі жүз жиырма бес миллион доллары «ақылды қалаларды» құру жоспарын жасауға бағытталады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы