375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран АҚШ-пен тұтқын алмасты

  • 242
  • UPD: 21:11, 08.12.2019

Иран мен АҚШ тұтқындармен алмасты. Вашингтон Тегеранға былтыр Миннесотада «тыңшылықпен айналысты» деп ұсталған ирандық ғалым Масуд Солейманды қайтарды.

Ал Иран Құрама Штаттарға 2016 жылы дәл осындай айыппен қамауға алынған америкалық студент Сюэ Ванды берді. Екі мемлекеттің тұтқындармен алмасуы Швейцария үкіметінің араағайындығымен жүзеге асты.

Айта кетейік, Ирандағы 1979 жылғы көтерілістен бері АҚШ-тың бұл елде дипломатиялық өкілдігі жоқ. Американың Ислам Республикасындағы мүдделерін Швейцария қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы