430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте көктайғақтан жараланғандар саны артып барады

  • 525
  • UPD: 21:13, 08.12.2019

Беларусьта көктайғаққа байланысты төтенше жағдайда енгізілетін қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды. Себебі ауруханалар мен емханаларға жарақат алып түскендер қатары күрт көбейген. Қазір ел аумағында күн біраз жылынып, жағдай біршама тұрақталған. Бірақ синоптиктердің алдағы күндерге қатысты болжамы көңіл көншітпей тұр.

Минскте күн күрт жылынып, ел әуреге түсті. Көктайғақтың салдарынан дәрігерлерге де тыным жоқ. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды барынша сақ болуға шақырып жатыр.

Екатерина Гусар, Минск қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары:

- Емхана қызметкерлері қыс мезгілінде көктайғақтан қалай сақтанудың жодары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жағдайда әсіресе мұзда таймайтын аяқ киім кию маңызды екенін айтқым келеді.

Соңғы аптада қаладағы ауруханаларға 100-ден астам адам түскен. Олардың көбі бала. Көктайғақ салдарынан жол апаттары да көбейіп, кептелістер туындаған. Коммуналдық қызмет күні-түні тыным таппайды. Жедел жәрдемнің де жұмысы көбейді. 

Валерий Врублевский, Минск қалалық травматология және ортопедия орталығының басшысы:

- Адамдардың көбінің жарақаты жеңіл. Сүйегі сынғандар да бар. Көктайғақ кезінде тұрғындар көбіне білегі мен иығын немесе тобығын зақымдайды. Қарттар арасында жамбасын сындырып алатындар басым.

Ал синоптиктер алдағы күндері күн күрт суытып, тағы да көктайғақ болатынын ескертеді.

Авторлары: Алексей Родионов, Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы