АҚШ-та смартфон арқылы медициналық қызмет көрсететін қосымша пайда болуы мүмкін
- 794
- UPD: 08:17, 09.12.2019

АҚШ-та технологиялық компаниялар медицина саласына тың жаңалық әкелуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24»
Бұл туралы «Ньюсуик» басылымы жазды. Ақпарға қарағанда, алдағы жылдары «Амазон» смартфон арқылы кез-келген медициналық қызметті көрсететін қосымшаны іске қосуы мүмкін. Мысалы, тұтынушылар онымен медициналық кеңеспен бірге қажетті дәрілерді де сатып алатын болады. Алайда кей сарапшылар мобильді қосымша науқастардың барлық талабына жауап бере алмайды деп отыр. Айта кетейік, «Амазон» биыл қыркүйек айында Сиэтлдегі қызметкерлері үшін «Амазон Кэа» медициналық қызмет көрсету қосымшасын іске қосқан болатын.