375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран генетика саласында көшбасшы мемлекетке айналуға  ниетті

  • 171
  • UPD: 10:47, 09.12.2019

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өткен жылы Иранның фармацевтикалық өнімдер экспорты кірісінің 75 процентін биотехнологиялық дәрілер құраған.

Иранда медицина үнемі даму үстінде. Бұл салада түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіліп, озық технологиялар енгізіліп жатыр. Қазір Иран Таяу Шығыста денсаулық сақтау саласы бойынша көшбасшы мемлекетке айналған. Оған елде 90 жылдары дәрігерлерді дайындау жүйесіне жүргізілген реформа серпін берді. Бұрын жастар білім алу үшін шетел асса, қазір ирандықтардың 90 проценті мемлекеттік оқу орындарында оқиды.

Мохаммад Хоссейн Карими, дәрігер:

– Иран – медициналық туризмді алғаш болып дамытқан елдің бірі. Соңғы екі жылда Иранда емделгісі келетін шетелдіктердің қарасы көбейді. Олардың басым бөлігі араб елдерінің азаматтары. Бұған Ирандағы баға мен сапаның тиімділігі себеп. Мұнда ең күрделі операцияның өзі  қолжетімді бағаға жасалады.

Иранда медициналық қызметтің сапалы болуы клиникалардың озық техникалармен қамтамсыз етілуіне де байланысты. Мемлекет заманауи құрал-жабдықтарды алуға жыл сайын миллиардтаған доллар  жұмсайды. Жергілікті ғалымдар  медициналық зерттеулер бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізген. 

Арезу Насехи, акушер-гинеколог:

– Кейінгі жылдары біз бедеулікті зерттеуді күшейттік. Бұл –әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі. Қазір Иранда осы ауруды емдеудің түрлі жолы бар. Жергілікті тұрғындардың шығындарының көп бөлігін мемлекет пен сақтандыру өтейді. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Иран денсаулық сақтау моделінің құпиясы сапалы зерттеулермен байланысты. Мысалы, бұл елде биотехнологиялық дәрінің 34 түрі шығарылады. Ирандық ғалымдар сүт безі обыры, бала менингиті сынды ауруды емдеудің жолын тапқан. Алдағы 2 жылда қатерлі ісікті жеңуді мақсат етіп отыр.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша и Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы